Жазушы. Уақыт. Тағдыр
«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында №1 кітапхана-филиалы №7 ЖББМ жоғары сынып оқушыларына арнап «Жазушы. Уақыт. Тағдыр» атты ақпараттық сағат өткізді. Кітапханашы оқушыларға акция туралы, жазушы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мәлімет беріп, «Тағдыр» романының қысқаша мазмұнымен таныстырды. Кездесу барысында оқушылар шығарманың негізгі идеясын талқылап, туған елінің тарихын білу мен оны есте сақтаудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.