Аптап күн астындағы ерлік
Кітапхана – филиал №11 Долинка кентінің қызметкері жалпы білім беретін мектеп №4-ке барып, жоғарғы сынып оқушыларына «Аптап күн астындағы ерлік» атты патриоттық сағат өткізді. Кітапханашы Шахтинск өңірінің ауған соғысы ардагерлері туралы, интернационалдық борышын өтеп жүріп қаза тапқан Юрий Андрейкин жайында әңгімеледі. Қатысушылардың назарына арнайы презентация ұсынылды.