Жүрекке жол тапқан кітаптар
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2026 жылдың авторы Қабдеш Жұмаділовке және жыл кітабы болып таңдалған оның «Тағдыр» романына арналған «Жүрекке жол тапқан кітаптар» атты ақпараттық бейнеролик дайындалып, көпшілікке ұсынылды. Бейнероликте жазушының өмірі мен шығармашылық жолының негізгі кезеңдері жүйелі әрі қысқа түрде баяндалып, романның тақырыбы мен маңызы, сондай-ақ оның қазіргі оқырман үшін өзектілігі ашып көрсетіледі.