Өткенге саяхат
21 ақпанда №2 ЖББМ 5 «А» сынып оқушыларына арналған «Өткенге саяхат» атты ақпараттық-танымдық сағат өтті. Кітапханашы балаларға Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдері туралы айтып берді. Әңгіме барысында тарихтың әрбір азамат үшін ерекше маңызы атап өтілді. Материалды бекіту мақсатында оқушылар «Блиц-сұрақ», «Ғасырлар қойнауынан…», «Күндер, күндер, күндер», «Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» атты викториналарға қатысты. Оқушылар ұлы ойшылдардың, билер мен батырлардың есімдерін, ел тарихындағы маңызды кезеңдерді, халықтың салт-дәстүрлерін еске түсірді. Оқушылар назарына «Кітап жадындағы ел тарихы» атты медиа-шолу ұсынылып, кітапхана қорындағы Қазақстан тарихына қатысты әдебиеттермен таныстырылды. Мектеп оқушылары өздеріне көптеген пайдалы мәлімет алды, барлық тапсырмаларды сәтті орындап, туған елінің тарихына деген қызығушылықтары мен білімдерін көрсетті. Олар өз тамырын білу мен елдің мәдени мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінді.