«Журнал беттеріне саяхат» медиа - шолу
3 сәуірде №8 кітапхана филиалы өз әлеуметтік желілерінде «Журнал беттеріне саяхат» атты қызықты медиа-шолуды жариялады. Оқырмандарға танымал «Тайны ХХ века» журналы таныстырылды, онда ғарышқа саяхаттар, қазыналарды іздеу, археологиялық жаңалықтар, жоғалып кеткен өркениеттердің жұмбақтары, сиқырлы рәсімдер, сирек кездесетін жануарлар және тағы көптеген қызықты тақырыптар бар. Кітапханашы журналдың тарихынан әңгімелеп, ондағы ең қызықты рубрикаларды таныстырды. Сонымен қатар оқырмандар назарына ұсынылды: «Херсонес: голос из тьмы веков», «Южный поход Петра Великого», ««Брижит Бардо: на вершине мира», «Уорминстер – британская столица НЛО», «Призраки отеля «Стэнли»», «Вселенная начинает стареть?» және т.б. Кітапханашы журналға қызыққан барлық оқырмандарды кітапханаға келіп, осы мерзімді басылымның жаңа нөмірлерімен танысуға шақырды.