Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті

16.04.2026 14:53 Администратор библиотеки
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті

15 сәуір күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті» атты құқықтық сағат ұйымдастырды. Кітапханашы сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамның барлық мүшесіне ортақ міндет екенін атап өтті. Іс-шара барысында қатысушылар осы күрделі құбылыс туралы кітапханада бар әдебиеттермен танысты. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы басылымдар «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесінде ұсынылды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлық психологиясы» бейнеролигі көрсетілді. Шара соңында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынан үзінділер оқылып, талқыланды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР