Қасымның отты жырлары
24 сәуір күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында №2 ЖББМ 11 «А» сынып оқушылары үшін Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына арналған «Қасымның отты жырлары» атты әдеби сағат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын таныстырды. Ақынның балалық шағы, жастық кезеңі және оның поэзия әлеміне келу жолы туралы мазмұнды мәлімет берілді. Сонымен қатар, қаламгердің таңдаулы шығармаларына шолу жасалды. Кездесу кезінде «Сары-Арқа» өлеңі мәнерлеп оқылып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Шара соңында оқушыларға ақын шығармаларын тереңірек танып-білуге және оның поэзиясын оқуға ұсыныс жасалды.