Планетаны бірге сақтайық

28.04.2026 11:07 Администратор библиотеки
Планетаны бірге сақтайық

25 сәуір күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында «Эко» клубының кезекті отырысы аясында «Планетаны бірге сақтайық» атты квест-ойын ұйымдастырылды. Іс-шара экологиялық бағыттағы қызықты саяхат форматында өтті. Қатысушылар бірнеше станциядан өтіп, әр кезеңде табиғатқа қатысты тапсырмаларды орындады. Олар викторина сұрақтарына жауап беріп, кроссвордтар шешіп, логикалық және танымдық тапсырмаларды орындау арқылы қоршаған орта туралы білімдерін көрсетті. Квест барысында оқушылардың белсенділігі, тапқырлығы және топпен жұмыс істеу дағдылары ерекше байқалды. Ойын экологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, табиғатты аялау мен қорғаудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Іс-шара достық және танымдық атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды. Соңында балалар табиғатты сақтау – әр адамның ортақ жауапкершілігі екені туралы ой түйді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР