«Мен оқимын, сен оқисың, бірге оқимыз»
28 қаңтар күні «PRO-оқуды насихаттау» жобасы аясында №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері №2 ЖББМ жоғары сынып оқушыларымен «Мен оқимын, сен оқисың, бірге оқимыз» флешмобын өткізді. Іс-шараның мақсаты – қазіргі әдебиетті насихаттау, оқуға қызығушылықты арттыру және жастардың кітапқа, кітапханаға деген назарын аудару. Арнайы ұйымдастырылған әдеби шолу барысында оқушылар жаңа кітаптармен танысып, кітап қорының қызықты әрі өзекті туындыларын көрді. Кітапханашылар оқушыларға ұнаған кітаптан үзінді оқып, оны фотоға түсіруді ұсынды. Сондай-ақ, балалар кітапхана қорларымен танысып, әрбір кітаптың жаңа оқырманын күтетінін сезінді. Флешмоб соңында кітапханашылар жоғары сынып оқушыларына шабыт, шығармашылық мүмкіндіктер және тек оқу арқылы ашылатын жаңа көкжиектер тілеп, кітаптың өмірдегі маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.