Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы сөйлеген сөзі

03.02.2026 14:03 Администратор библиотеки
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысындағы сөйлеген сөзі

3 ақпанда №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері Нұрғиса Тілендиев атындағы музыка мектебінің педагогтары үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзіне арналған ақпараттық сағат ұйымдастырды. Іс-шара барысында кітапханашы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған қоғамдық-саяси институт — Ұлттық құрылтайдың қалыптасу тарихына тоқталды. Кездесу кезінде елімізде заманауи қоғам қалыптастыруға бағытталған Президент бастамалары кеңінен қамтылып, мәдениет пен білім беру салаларында алда күтілетін маңызды өзгерістер сөз болды. Қатысушылар Ұлттық құрылтайдың қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын және әрбір азаматтың пікірін жеткізуге мүмкіндік беретін ашық диалог алаңы ретінде маңызын атап өтті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР