Жырын халқына арнаған ақын
5 ақпанда Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері Шахтинск қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» КММ барып, «Жырын халқына арнаған ақын» атты әдеби кездесу өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды ақынның өмірі мен шығармашылық жолындағы маңызды кезеңдермен таныстырып, оның туған тіліне, туған жеріне деген ерекше сүйіспеншілігін атап өтті. Кездесу аясында «Ғасыр ақыны» атты бейнематериал көрсетіліп, орталықтың қызмет алушылары архивтік бейнелер мен дыбыс жазбалары арқылы Мұқағали Мақатаевтың дара тұлғасын, оның қазақ және әлем әдебиетіндегі орнын тереңірек түсінді. Махаббат, ана және Отан тақырыбындағы өлеңдер оқылып, ақын шығармаларының бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпағаны айтылды. Кездесу соңында қатысушылар сүйікті өлеңдері мен әсерлерімен бөлісті. Ақын және жазушы Мұқағали Мақатаевқа арналған.