Оқысаң, өкінбейсің

13.02.2026 15:27 Администратор библиотеки
Оқысаң, өкінбейсің

13 ақпан күні №8 кітапхана-филиалы әлеуметтік желідегі оқырмандарына «Оқысаң, өкінбейсің» атты медиа-шолу ұсынды. Шараның басты мақсаты — көпшілік қауымды көркем әдебиеттің жаңа әрі қызықты туындыларымен таныстыру. Шолу барысында кітапхана қызметкерлері цифрландыру дәуірінде кітап оқудың мәні мен маңызына ерекше тоқталды. Кітапханашының айтуынша, әрбір жаңа кітап — қайталанбас әсерге толы рухани сапар, оқырманды бұрын беймәлім болған әлемдерге жетелейді. Шолу аясында Фири Макфоленнің «Мені ұмытпа», Эшли Элстонның «Соқыр кездесудің он күні», Тилли Коулдың «Ұмытылмас мың сүйіс» атты шығармалары және өзге де әдеби жаңалықтар таныстырылды. Кездесу соңында кітапханашы оқырмандарды бос уақытында кітап оқуды әдетке айналдыруға шақырып, ұсынылған шығармалар олардың көңілінен шығып, жаңа әсер мен шабыт сыйлайды деген сенімін жеткізді.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР