Кітап баршаға қуаныш сыйлайды

17.02.2026 09:57 Администратор библиотеки
Кітап баршаға қуаныш сыйлайды

13 ақпанда, Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында, Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Капуста» балабақшасына барып, бүлдіршіндерге «Кітап баршаға қуаныш сыйлайды» атты ойын-сабақ өткізді. Мектеп жасына дейінгі балаларға мерекенің тарихы және кітаптың көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен жолы туралы айтылды. Балалар барлық уақытта кітаптың нағыз қазына саналғанын білді.  Кейін балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, өз білімдерін сынады. Сиқырлы сөздердің көмегімен олар «Ертегілер әлемі», «Сиқырлы беттер» және «Жұмбақтар әлемі» аялдамаларына барып, жұмбақ шешіп, сұрақтарға белсенді жауап берді. Сондай-ақ кішкентайлар «Кішкентай кітапша» атты шеберлік сағатына қатысып, өз қолдарымен шағын кітап жасап үйренді. Олар кітапшаларын суреттермен, әріптермен және түрлі тапсырмалармен әсемдеп безендірді. Іс-шара соңында кітапханашылар балаларға кітаптар сыйлап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Кездесу нәтижесінде бүлдіршіндер кітапты қадірлеу, оны ұқыпты ұстау және кітап оқу арқылы білімдерін арттыру керектігін түсінді. Ең бастысы – сүйіспеншілікпен сыйланған кітап әрдайым жүрекке жылу сыйлайтынын ұғынды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР